RU

Елімізде коронавирус салдарынан өлім саны көбейді

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияны жұқтырудың 71 дерегі тіркеліп, КВИ салдарынан болған өлім саны артты деп хабарланды Coronavirus2020.kz ресми сайтында.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, елімізде бір тәулік ішінде коронавирус белгілері бар пневмонияға 71 адам шалдығып, бір науқас қайтыс болған. Оған қоса 101 адам емделіп шықты.

1 тамыз бен осы уақыт аралығындағы статистикалық мәлімет:

  • ауырғандар - 46737 адам
  • жазылып шыққандар - 34422 адам
  • өлім жағдайы - 534.

Сонымен қатар, Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан болған өлім саны көбейе түсті. Өткен тәулікте коронавирустан тағы 11 қазақстандық көз жұмды. Бұл осы аптаның ең жоғары көрсеткіші болып табылады. Мәселен, салыстырмалы түрде күні кеше КВИ салдарынан алты адам қайтыс болған еді.

Айта кетейік, елімізде COVID-19 жұқтырғандардың саны күрт артты. Бір тәулікте қауіпті инфекцияны жұқтырудың 972 дерегі тіркелді.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 065 адам короновирус инфекциясынан (12 284 КВИ+ және 11 781 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 145 пациент стационарда, 17 920 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 290 адамның жағдайы ауыр;

• 70 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894094-elimizde-koronavirus-saldarynan-lim-sany-kbejdi/