RU

COVID-19: Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл аймаққа" енді

Маска таққан адам
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" енді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайтында хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жариялаған мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" кірді.

Елордамен қатар, коронавирусты жұқтыру бойынша қауіпті мекендер қатарында Ақмола мен Қостанай облыстары да бар.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары бүгінде "сары аймақта" тұр.

Еліміздің өзге өңірлері "жасыл аймақта".

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда каратинге қатысты жаңа қаулы жарияланған болатын. Оған сәйкес, елорда аумағына жаңа шектеу шаралары енгізілмек. Олар дүйсенбіден бастап өз күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 972 жаңа дерегі тіркелді. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 121 науқастан анықталды. Қауіпті вирусты жұқтырғандармен қатар, оның салдарынан көз жұмғандардың да саны артты. Күні кеше республика аумағы бойынша коронавирустан 11, КВИ белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1894096-covid-19-nr-sltan-kalasy-kyzyl-ajmakka-endi/