RU

Бір адам қаза тапты: Елорданың қақ ортасында ірі жол апаты орын алды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында Республика даңғылында төрт көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы ару көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, жол апаты 15 қаңтар күні кешкі уақытта болды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Республика даңғылымен келе жатқан "Ваз 2106" автокөлігінің жүргізушісі кенеттен көлікті басқара алмай, Nexia маркалы автомен соқтығысып қалған.

Одан кейін "Ваз" жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, ол жерде "Toyota" автокөлігіне соғылды. Соқтығысудың салдарынан қос автоны да қарама-қарсы бетте келе жатқан Lada көлігіне қарай лақтырды.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде "Ваз 2106" көлігінің 28 жастағы жолаушысы алған аса ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894102-bir-adam-kaza-tapty-elordany-kak-ortasynda-iri-zol-apaty-oryn-aldy/