Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Опубликовано:

16 қаңтар күні Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында бір қабатты "Алан" базары жанып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, өрт оқиғасы жергілікті уақытпен сағат 05.48-де орын алған. Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне Қандыағаш қаласы, «Жастық» мөлтек ауданы, 16 А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
"Жедел жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бір қабатты «Алан» жабық базарының алдын ала болжаммен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Өрт сағат 10.25-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», - деді ТЖМ-нан.
Оқиға орнына Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің 18 қызметкері мен 3 техникасы, Алға ауданынан 5 қызметкер, 1 техника, Ақтөбе қаласынан 9 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894103-aktbe-oblysynda-bazar-zanyp-ketti/