RU

Алматыда “QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, “QI-Trade Kazakhstan” ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С. есімді азамат, 1994 жылы туған Б. азамат ұсталды. Бүгінде олар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот “қамауға алу” түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С.азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді" , – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894113-almatyda-qi-trade-kazakhstan-karzylyk-piramidasyny-eki-direktory-staldy/