Нұр-Сұлтанда спорткешендегі бассейннен бойжеткеннің денесі табылды
Опубликовано:

16 қаңтар күні елордалық спорткешендегі бассейннен 21 жастағы арудың денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап
Анықталғандай, бойжеткеннің денесін спорткешендегі бассейннен бүгін таңертең тапқан.
"Белгілі болғандай, спорткешеннің бапкері бассейнде қозғалыссыз күйде жатқан бойжеткенді байқап қалған. Ол бірден аруды судан шығарып, оған жасанды тыныс алу мен жүрегіне массаж жасаған.
Жедел жәрдем келіп жеткен кезде 21 жастағы бойжеткеннің өлімі тіркелді" , - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, қайғылы жағдай кезінде бассейнде тағы тқрт адам болған.
"Марқұм ару бассейнге біржолғы абонемент сатып алып келген", - деп нақытлай кетті ПД өкілдері.
Жас бойжеткеннің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тексеріс басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894118-nr-sltanda-sportkesendegi-bassejnnen-bojzetkenni-denesi-tabyldy/