Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде әсерлі видеосымен танылған дәрігер Нұрлан Күлсейітов қайтыс болды

Опубликовано:

Нұрлан Күлсейітов
Фото: ognialatau.kz

Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Күлсейітов қайтыс болды. Бұған дейін медицина қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

Нұрлан Күлсейітов ауруханаға желтоқсан айының соңында жатқызылды. Алайда, бүгін дәрігердің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келді.

"Нұрлан Күлсейітовтың өкпесі 90-95 пайызға зақымданған. Қателеспесем, бас дәрігер осыдан тоғыз жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түсіп, әрең тірі қалған болатын. Бұл жайт оның денсаулығына әсерін тигізді. Оны күллі ел сынға алған оқиға да оның денсаулығына кері әсерін тигізді" , - деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Әшімақын Azattyq Rýhy басылымына берген сұхбаты барысында.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Күлсейітовтың қатысуымен болған әсерлі бейнеролик желіде тарап, халықтың қызу талқысына түскен болатын. Онда дәрігердің жергілікті халықпен өткен кездесу кезінде қатысушылардың бір сұрағынан кейін үстелді жұдырықпен соғып, әсерлі түрде жауап бергені көрініс тапты. Желі қолданушылары медицина қызметкерінің бұл әрекетін үлкен сынға алды.

Кейіннен облыстық денсаулық сақтау басқармасы Нұрлан Күлсейітовтің этикалық нормалар мен кәсіби әрекетіне қатысты мәселені қарастыратын комиссия құрылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894123-zelide-serli-videosymen-tanylgan-driger-nrlan-klsejitov-kajtys-boldy/

pixel