Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында көршісіне кек сақтаған жас жігіт оғаш әрекетке барды

Опубликовано:

Кек
Көрнекі сурет: pixabay.com

Балқашта көршісінен кек алмақ болған азамат оның терезесін бірнеше рет сындырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Белгісіз біреудің бұзақылық әрекеттерінен әбден мезі болған 40 жастағы әйел Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полициясына жүгініп, шағым түсіреді.

Ол әлдебіреу қараңғыда пәтерінің терезелерін бірнеше рет сындырып кеткенін айтып, бұзақыны ұстап беруді сұрайды.

Балқаш қаласы патрульдік полиция ротасының жасағы күдіктіні қолға түсірді. Ол- жақын жерде тұратын 18 жастағы жігіт болып шыққан.

Кейін анықталғандай, жәбірленуші мен жас жігіттің арасындағы жанжал өшпенділікке ұласыпты. Көршісіне кек сақтап келген жас жігіт, осылайша әйелден өшін алмақ болған екен. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы -"Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз Атырауда 268 млн теңгенің темекісін ұрлаған ер адам бес жылға сотталғанын жазған едік. Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабымен айыпталып отыр.

Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, айыпталушы тіркемесі бар жүк көлігін айдап кеткеннен кейін ұсталған. Тіркемеде жалпы сомасы 268 миллион теңгеден асатын 1 690 қорап темекі өнімі болған. Тауар қылмыстық істі тергеу аясында заттай айғақ деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894134-karagandy-oblysynda-krsisine-kek-saktagan-zas-zigit-ogas-reketke-bardy/

pixel