RU

Алматы облысында полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады (видео)

Ұры
Видеодағы кадр: polisia.kz

Алматы облысында полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдер екі сағат ішінде екі ұрлық жасаған.

Қарасай ауданының аумағында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан екі сауда үйінен белгісіз біреулер электр тауарлары мен киімдерді ұрлаған.

Алынған бейнематериалдар негізінде полиция қызметкерлері күзетшілердің көмегімен екі күдіктіні: Алматы облысының 19 және 29 жастағы тұрғындарын ұстады, олардан ұрланған мүлік тәркіледі.

"Ұсынылған дәлелдермен әшкереленген күдіктілер ұрлық жасағанын толық мойындады. Ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын жауапкершілікке тартылған. Аталған деректер бойынша қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі және 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық істер тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", – деп хабарлады Қарасай АПБ бастығының орынбасары Айдос Қалжатбай.

Еске салсақ, Атырау қаласының №2 соты үлкен көлемдегі темекі партиясын ұрлағаны үшін жергілікті тұрғынды кінәлі деп таныды. Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабымен айыпталып отыр.

Оған қоса, Алматы облысында телефон ұрлаған азаматша телефонды иесіне қайтарып берген болатын. 2021 жылдың 7 қаңтарында сағат 13.00 шамасында Жамбыл ауданының кезекші бөліміне Қыдырбекұлы ауылының 44 жастағы тұрғыны бутиктің сөресінен құны 95 000 теңге тұратын ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894141-almaty-oblysynda-policejler-sauda-jinen-eki-ryny-stady-video/