Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда табиғи газ пайдаланған үйден екі адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

өрт
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйде екі адам уланып көз жұмды деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

16 қаңтар күні кешкі сағат 17:50 -де ТЖД кезекші бөліміне Түрксiб ауданы «Қайрат» ықшамауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің пешінен ақау шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Жоғарыда аталған мекенжайға жедел медициналық жәрдем келгенше 1995 және 1992 жылы туған екi адам көз жұмды. Мамандар тексеру барысында пештің мұржасы газ қазандығына дұрыс бекiтiлмегенi және герметиканың болмағанын анықтады.
Нәтижесiнде, бөлмеге жану өнiмдерi мен көмipтегi oксидi жайылған. Оның салдары өлімге әкелді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметінен.

Естеріңізге сала кетейік, жылыту маусымының басында газбен уланудың алды алу мақсатында ТЖД қызметкерлері, «ҚазТранГаз Аймақ», еріктілер жеке сектордағы үйлерді 100% аралап, 145 471 үйді есепке алған.

2021 жылдың басынан бастап 21 мыңнан астам үй қайта тексеріліп, пеш және газбен жылытуды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және 300 мыңнан астам жадынамалар таратылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1894169-almatyda-tabigi-gaz-pajdalangan-jden-eki-adamny-mjiti-tabyldy/

pixel