Биіктігі 116 метр: Қызылордалық жігіт түн жарымда мұнараға шығып алған
Опубликовано:

Қызылорда қаласында тұн ортасында телемұнараға шығып алған 25 жастағы жігіт құтқарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жас жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен.
Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.
«Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894170-biiktigi-116-metr-kyzylordalyk-zigit-tn-zarymda-mnaraga-sygyp-algan/