Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов: Елордада пандемияның барлық талабына сай келетін емхана ашылады

Опубликовано:

Көлгінов емханада
Фото: www.instagram.com/altay_kulginov_official

Биыл елордамызда заманауи талаптарға сай теңдесіз емхана ашылады. Медициналық мекеме әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Оның жазуынша, емханада аймақтар "лас" және "таза" деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал орнатылған.

Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан.

"Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді. Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз", - дейді елорда әкімі.

Сондай-ақ, Көлгінов дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға барған.

"Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынған. Жеке инвестиция тарту - нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына тартамыз. Бұл әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға - әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз", - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894178-klginov-elordada-pandemiany-barlyk-talabyna-saj-keletin-emhana-asylady/

pixel