Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күдік болмады": Петропавл тұрғыны алаяқтарға миллион теңге аударған

Опубликовано:

әйл өкінген
Көрнекі фото: www.msn.com

Жыл басынан бері Петропавлда 16 азамат интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Қала тұрғындарының арыздарынан бұрынғы алдау-арбау схемасын көруге болады деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғынына, оның депозиттік шотын біреу бұзуға тырысқалы жатқанын, сондықтан қосымша шот ашып, соған ақша аудару қажет деп хабарлаған.

Әйел адам өзін телефон арқылы "банк қызметкерімін"деп таныстырған күдіктіге оңай сеніп, ол көрсеткен барлық әрекеттерді жасаған.

“Қамқоршы” қызметкер өзі қосымша шот ашқанын, ақшаны сол шотқа аударуды сұраған. 250 мың теңгені бөліп-бөліп аудару керектігінің өзінен де қала тұрғыны еш күдіктенбепті. Нәтижесінде алаяқтар миллион теңгені қолды қылған.

"Бұл ең кең тараған алдау схемаларының бірі", - дейді жедел қызметкерлер.

Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қала тұрғындары арнайы терминдерді қолдана отыра, сенімді түрде сөйлеп, байланысқа шыққан алаяқтардың арбауларына түсіп қалады екен.

"Өзіңді интернет-алаяқтардан қорғаудың ең сенімді тәсілі – шоттар бойынша барлық ауыстыруларды тек банктерде жүргізген дұрыс. Алаяқтар көбіне өздерін қаржы мекемелерінің қауіпсіздік қызметі деп таныстырып, шотыңызды бұзбақ болып жатыр деп сенімді түрде айтады", – дейді Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Мұндай қоңыраулар кезінде әбіргерге салынбаған жөн. Арнайы байланыс телефондары арқылы банкке хабарласып, өз жинақтарыңыздың сақталуына көз жеткізу жеткілікті.

Жыл басынан Петропавл қаласының ПБ Instagram желісінде хабарландырулар бойынша тауар сатып алмақ болып алаяқтардың құрбанына айналған алты қала тұрғыны жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894184-kdik-bolmady-petropavl-trgyny-alaaktarga-million-tege-audargan/

pixel