Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Голливуд жұлдызын тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Рассел Кроу
Фото: kinopoisk.ru

Голливуд актері, "Оскар" сыйлығының иегері Рассел Кроу қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға тәнті болды.

Актер спортшының видеосына өзінің Twitter-дегі парақшасында пікір қалдырған. Юлия аталмыш әлеуметтік желіде өзінің қонақ үй бөлмесінде қалай жаттығып жатқанын көрсететін видео жариялаған болатын.

"Енді менде Australian Open-де жаңа сүйікті теннисші пайда болды", - деп жазды Кроу. Рассел Кроу.

Актер "Игры разума", Робин Гуд", "Гангстер" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал. "Гладиатор" фильміндегі Максимус есімді гладиатордың рөлі Расселге ерекше танымалдық әкелген. Осы фильм үшін актер "Оскар" жеңіп алған.

Sports.kz басылымының хабарлауынша, қазақстандық спортшы Мельбурнге ұшып барған ұшақта үш жолаушыдан коронавирус анықталған, сондықтан Юлия карантинге алынды. Турнир 8 ақпанда басталады.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең беделді сән журналдарының бірі VOGUE домбыраның құлағында ойнайтын қазақ қызына тәнті болып, ол туралы көлемді мақала жария еткенін жазған болатынбыз.

Шетел журналы "Қазақ қызы Instagram желісінде Қазақстанның ұлттық аспабы мен ұлттық киімін қалай дәріптеп жүр" деген тақырыппен мақала жариялаған.

Одан бөлек, қазақ тілінде ән шырқаған орыс жігіті желіде жұлдыз болғанын жазған едік. Видеода орыс жігіті әнші Аян Сейітовтің "Ауылым" әнін орындап отырғаны байқалады. Желі қолданушылары ерекше дауыспен қазақ тілінде ән шырқаған жігітке мақтауларын жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894208-kazakstandyk-sportsy-gollivud-zldyzyn-tnti-etti/

pixel