Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжанның тәтесі коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Ақпарат өкілінің тәтесі коронавирус инфекциясынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дианар Сәтжан бұл қаралы хабарды өзінің Instagram парақшасында жеткізді.

"Сүйікті тәтемізден айырылып қалдық. Сыздықова Майя Қынақызы енді арамызда жоқ. Аса әдемі, мықты әрі данагөй әйел 67 жасына дейін жетпей кетіп қалды. Ол кісі керемет ана, жар, апа, қыз, әпке, тәте бола алды. Сіз Сәтжановтар отбасының діңгегі едіңіз.

Осыдан 45 жыл бұрын Сәтжанның (менің арғы атам) кіші ұлы ауылға қала қызын алып келді. Кенжебай көке мен Майя тәте Қарағандыдағы политехникалық институтта бір курста оқыды. Ол кезде Майя тәте қазақша мүлдем сөйлей алмайтын. Бірақ, кейіннен оны меңгеріп алып, салт-дәстүрге де үйренді. Отбасымыздағы бірде-бір шарасы Майя тәемізсіз өтпейтін. Студенттік кезде олар Кенжебай көке екеуі "Жас кенші" ансамблінде өнер көрсеткен болатын.

Майя тәте іскер, жан-жақты әрі тым ақкөңіл адам болған еді. Ол кісі өнерге өте жақын еді. 60 жасында ол өздігінен ағылшын тілін үйреніп алды. Көп саяхаттады. Өзі тау инжинері бола тұра үнемі жаңа мамандықтарды меңгеріп жүретін. Ешқашан тоқтамайтын еді. Өткен жыл ол үшін аса ауыр болды. Коронавирустан қанша сақтанса да, ауыр дерт ақыры оған да жетті" , - деп жазды Динара Сәтжан.

Желі қолданушылары бірден белгілі тележүргізушінің қайғысына ортақтасып, оған көңіл білдіріп жатыр. Пікір қалдырып жатқан көпшілік оны барынша жұбатуға тырысуда.

"Динара мықты болыңыз. Қайғырып көңіл айтамыз. Өте керемет кісі еді" , "Айтарға сөзім де жоқ. Жатқан жері жайлы болсын. Сене алар емеспін" , "Иманды болсын. Жаны жәннәтта болсын" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894211-dinara-stzanny-ttesi-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel