Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы 10 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Аурухана 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандарға қатысты жаңа деректер шықты деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің telegram арнасы.

Өткен тәулікте COVID-19-дан 8 адам қайтыс болған.

Сонымен бірге коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы да ақпарат шықты.

"18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 294 адамның жағдайы ауыр;

• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Одан бөлек коронавирус белгілері бар пневмония бір тәулікте 17 адамнан анықталған. 2 өлім жағдайы тіркелген. 40 адам аурудан емделіп шыққан. Бұл туралы ақпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram парақшасында жарияланды.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматыда тіркелген.

Айта кетсек, Атырау және Павлодар облыстары коронавирусқа байланысты "қызыл" аймаққа енгенін хабарлаған едік.

2021 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға сәйкес, қазіргі таңда "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894215-kazakstanda-tagy-10-adam-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kajtys-boldy/

pixel