Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда түрмеге телефон кіргізбек болғандар қамауға алынды

Опубликовано:

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырауда түрмеге тыйым салынған зат лақтырғандар қамауға алынды. 25 жастағы екі жігіттен телефон, модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі ер адам ұсталған.

"Олар Атырауға Маңғыстау облысынан арнайы келген. Тексеру кезінде олардан ұялы телефондар, интернет модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылды. 25 жастағы екі азаматтың бұрын сотталғаны белгілі болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол кезде сот оларға ескерту берген. Ал, бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"УГ-157/9 мекемесінің аумағында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды. Түрменің маңына полиция қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Ал, тыйым салынған заттарды өткізуге ұмтылу секілді құқық бұзушылар қатаң жазаланатын болады", - дейді департамент бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 24 қыркүйегінде Шымкент қаласының тұрғыны түрмеге ұялы телефон алып кірмекші болғанын жазған едік.

1996 жылы туған ер адам "Jinga” маркалы қара түсті ұялы құрылғы мен SIM-картаны қара пакетке жасырып өткізбек болыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894220-atyrauda-trmege-telefon-kirgizbek-bolgandar-kamauga-alyndy/

pixel