Минус 30 градус аяз: Алдағы үш күнде елімізде күн суытады
Опубликовано:

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің үстінде.
Салдарынан жауын-шашын, жел күшейіп, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады.
Алайда 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды. Нәтижесінде жауын-шашын тоқтап, аяз басталады.
Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта ауа температурасы -22-30℃ дейін төмендеуі мүмкін.
Еске сала кетсек, синоптиктер 18 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
18 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15 м/с күтіледі.
Күндіз 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.
Түнде 18 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894293-minus-30-gradus-aaz-aldagy-s-knde-elimizde-kn-suytady/