Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда басқарма басшысының ұсталғаны жайлы ақпаратқа әкімдік пікір білдірді

Опубликовано:

Сапар Нұрашев
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алайда Алматы әкімдігі оның жұмыс орнында екенін мәлім етті.

ҚазАқпарат дерегінше, мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растаған. Бірақ бұл деректің мән-жайы жайлы ресми түсініктеме берілмеген.

Кейбір БАҚ хабарлағандай, тергеу Алматыда салынған модульді аурухананың құрылысына бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты болуы мүмкін.

Аталған фактіге қатысты Алматы қалалық әкімдігі пікір білдірді. Ведомство Сапар Нұрашевтің жұмыс орнында екенін хабарлады.

"Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің ұсталғаны туралы әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сапар Нұрашев жұмыс орнында. Тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстарына қатысты қала әкімдігі тиісті ақпарат мен түсініктеме беруге дайын", - деп хабардар етті әкімдіктен.

Айта кетейік, Сапар Нұрашев Алматы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы лауазымына осы жылдың маусым айында тағайындалған.

Ол 1975 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген.

2001 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматыда "Темір агроөнеркәсіп фирмасы" ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, бас маман, бас маманың міндетін атқарушы қызметін атқарған.

Басқарма басшысы қызметіне тағайындалмас бұрын дәл сол басқарма басшысының орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894313-almatyda-baskarma-bassylaryny-biri-staldy-kalalyk-kimdik-pikir-bildirdi/

pixel