Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда модульді аурухана салу кезінде қаржы жымқыру фактісі тергелуде

Опубликовано:

Модульді аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда модульді аурухана құрылысы кезінде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

"Департамент 2021 жылғы 16 қаңтарда Алматыда коронавирус инфекциясын азайту мақсатында шараларды күшейту үшін 280 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасын салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және жан-жақты зерттеу үшін ҚР ҚІЖК 24-бапта көрсетілген тәртіп бойынша қылмыстық іске қатысты қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ведомство сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтінін, тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Алматыда Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Аталған фактіге қатысты Алматы қалалық әкімдігі пікір білдірді. Ведомство Сапар Нұрашевтің жұмыс орнында екенін хабарлады.

"Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің ұсталғаны туралы әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сапар Нұрашев жұмыс орнында. Тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстарына қатысты қала әкімдігі тиісті ақпарат мен түсініктеме беруге дайын", - деп хабардар етті әкімдіктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894332-almatyda-moduldi-auruhana-salu-kezinde-karazy-zymkyru-faktisi-tergelude/

pixel