Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстан азаматы Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият жасырынып жүрген, жалғыз өмір сүріп, ешкіммен байланыс жасамаған, еш жерде жұмыс істемеген.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылды.

"Заңнаманы өрескел бұзушы Алматыда 14 қаңтарда басталған "Келімсек" алдын алу іс-шарасы кезінде анықталды. Іс-шара Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға бағытталған. Рейдтер кезінде шетелдіктердің болу объектілері, сондай-ақ олардың уақытша тұру орындары тексерілетінін атап өткен жөн. 4 күн ішінде көші-қон және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері басқа елдердің 629 азаматын тексерді.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 25 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлғасын анықтау мақсатында ПД-нің қабылдап-тарату орнына 35 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар біздің отандастарымыздың ішінен оларды қабылдаушы 34 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894334-auganstan-azamaty-almatyda-11-zyl-bojy-zasyz-trgan/

pixel