Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бедеулікті емдеймін": Алматыда өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған әйел қамауға алынды

Опубликовано:

Алматы
Фото: polisia.kz

Алматыда өзін медициналық мекемелердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға бедеулікті емдеуге уәде берген әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 1986 жылғы күдікті Қытай Халық Республикасының азаматшасы. Оның бұрын сотталғаны белгілі болған.

"Біздің Алматы облысындағы әріптестеріміз алаяқтық жасағаны үшін азаматшаны іздегені анықталды. Белгілі болғандай, сот билігінен жасырынып жүрген күдікті тағы бірнеше заңсыз әрекеттерді жасаған.

Өзін медициналық мекемелердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға бедеулікті емдеуге және гинекология саласындағы басқа да ауыр медициналық манипуляцияларға уәде берген. Ол үшін алдын-ала сыйақы талап еткен", - дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Оның сөзінше, зардап шеккендермен кездескен кезде әйел өзін “Алтынай” деп таныстырған.

"Ол қалай сендіру керектігін білді, сондықтан пациенттер қулықты сезбеді және оның шарттарымен келісті", - дейді Аянбаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда.

Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

"Біз одан басқада бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеміз, сондықтан оның келбетін көпшілікке жария етіп отырмыз. Осы әйелдің әрекетінен зардап шеккен азаматтарға мына телефондар арқылы хабарласу ұсынылады: 295-54-61; 8-775-718-35-05 және 8-701-758-67-60", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894373-bedeulikti-emdejmin-almatyda-zin-medicina-kyzmetkeri-retinde-tanystyrgan-jel-kamauga-alyndy/

pixel