Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қорыққан азамат әуежайда үш ай өмір сүрген

Опубликовано:

Адитья Сингх
Фото: Chicago Police Department

Коронавирустан қорыққан Калифорния тұрғыны үш ай Чикаго халықаралық әуежайында өмір сүрген деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым ақпарынша, 36 жастағы Адитья Сингх әуежай қызметкері жоғалтқан бэйджді пайдаланып, О'Хара әуежайының күзетілетін аймағында жасырынған.

Ол сотта туған жері Лос-Анджелеске коронавирустан қорыққандықтан бармағанын айтқан. Сингх жолаушылар өзіне тамақ бергенін де жасырмаған.

Азамат әуежайдың тыйым салынған аймағына өткені үшін және өзгенің мүлкін ұрлау бойынша айыпталып жатыр.

Қорғаушылар мұндай күтпеген жағдайларға қарамастан, Сингхтың әрекетінен азаптау белгілері байқалмайтынын айтып отыр.

Ер адам қонақжайлық саласында магистр дәрежесін алған, алайда қазір жұмыссыз.

Басылымның жазуынша, соңғы уақытта Калифорнияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, науқастар саны үш миллионға жуықтаған.

Қаңтар айының басында Лос-Анджелесте жедел жәрдем көліктеріне өмір сүруге мүмкіндігі аз адамдарды ауруханаға әкелмеу айтылған.

Пандемияға байланысты калифорниялық Диснейлендті коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салатын ірі COVID-19 орталыққа айналдыру туралы шешім қабылданған.

Айта кетейік, Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус эпидемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрап отыр.

Көптеген студент қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894387-koronavirustan-korykkan-azamat-uezajda-s-aj-mir-srgen/

pixel