RU

Бразилияда алғашқы вакцина медбикеге салынды

Медбике
Көрнекі фото: Хабар 24

Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы 54 жастағы медбике алғашқы вакцинаны салдырды деп хабарлайды Хабар 24.

Осының алдында ғана жергілікті Санитарлық қадағалау жөніндегі ұлттық агенттік қытайлық "КоронаВак" пен британиялық "АстраЗенеканы" мақұлдаған болатын.

"Бұл елеулі жеңіс, бұл өмір жеңісі. Бұл вакцинаны жоққа шығарушыларға сабақ болуы тиіс. Бірінші кезекте екпенің 50 мың дозасы Амазонас штатындағы дәрігерлерге жіберіледі",- деді Сан-Паулу губернаторы Жуау Дориа.

Осының алдында Бразилия билігі Ресейдің "Спутник Ви" вакцинасынан бас тартқан болатын. Естеріңізге сала кетейік, бұл ел коронавирус жұқтырушылар саны бойынша әлемде үшінші орында тұр. Мұнда 209 мыңнан астам тұрғын індеттен қайтыс болып, 8 жарым миллиондай адам шалдыққан.

Айта кетейік, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ұйқы медицинасы орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Калинкин "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында коронавирусты жұқтыру қаупін 250 пайызға арттыратын факторды атады.

Маманның айтуынша, ұйқының жетіспеуі адамның иммундық жүйесіне кері әсер етіп, вирустық инфекцияларды, оның ішінде коронавирусты жұқтыру қаупін арттыра түседі.

Ұйқының сапасын жақсарту үшін ол бір уақытта тұрып-ұйықтауға, сондай-ақ оятар сағаттан бас тартуға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894392-braziliada-algasky-vakcina-medbikege-salyndy/