Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ал 19 қаңтарда Ақмола облысында тұман түсуі мүмкін, дейді олар.

Одан бөлек, Көкшетауда ертең түнде және таңертең тұман болады деп күтілуде.

19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетіп, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Ауа райын болжаушылар 19 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтілетінін жасырған жоқ.

Күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

19 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оралда 19 қаңтар түнде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

19 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Атырау қаласында 19 қаңтарда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады, дейді синоптиктер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894400-kazakstanny-birnese-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/

pixel