Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаевта болған жаппай заң бұзушылықтарға қатысы бар 57 адам жазаланатын болды

Опубликовано:

Толпа идет по улице в Сатпаеве и требует выдать подозреваемого в педофилии
Видеодан кадр: әлеуметтік желі

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы жаппай заң бұзушылыққа қатысы бар елу жеті адам жауапкершілікке тартылатын болды деп хабарлайды 31 арна.

Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті хабардар етті.

Қазіргі уақытта күдіктілер мен олардың қорғаушылары құжаттармен таныстырылып жатыр.

Әрі қарай іс қылмыстық процессуалдық кодексінің 300-бабына сәйкес сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданатын болады.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Тас пен таяқтармен қаруланған 60-қа жуық тұрғын полиция ғимаратын басып кіріп, бірнеше көлікті өртеп, қаланың астан - кестенін шығарған болатын.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген болатын.

Ал қазан айында айыпталған күдіктінің мәйіті тергеу изоляторында табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894407-stbaevta-bolgan-zappaj-za-bzusylyktarga-katysy-bar-57-adam-zazalanatyn-boldy/

pixel