Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Германия жаңа мутация туралы мәлімдеді

Опубликовано:

вирус1
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлем елдері бірінен соң бірі коронавирустың жаңа штамы тіркелгені туралы хабарлап жатыр. Енді Германия билігі де мүлде жаңа мутация туралы мәлімеді деп хабарлайды "Хабар 24".

COVID-19-дың жаңа штамы елдің оңтүстігіндегі ауруханалардың бірінде тіркелген.

Қазір көп елде анықталған вирус британдық штамға жатады. Ол өте тез тарайды. Бельгияда да британдық штамның ошағы тіркелді. Соңғы деректер бойынша британдық штамм әлемнің 50-ден аса елінде тіркелген.

Жалпы Берлиндегі Шарите медицина университетінің мәлімдеуінше, әлемде коронавирустың 12 мыңнан аса мутациясы тіркелген екен. Бірақ мамандарды британдық штамм қатты алаңдатып отыр. Өйткені ол корольдіктің өзінен бөлек, басқа елдерде тез тарап барады.

Мәселен, Лос-Анджелестегі ахуал күрделі. Ол АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны бір миллионнан асып кеткен алғашқы өңірге айналды.

Сарапшылар "қауіптің бәрі алда" дейді. Өйткені мұнда жаңа штамм тіркелді. Енді жағдай бұдан да бетер ушығып, деректер саны әлдеқайда артады деген күдік бар.

Ұлыбританияның өзінде де жағдай мәз емес. Мұнда әр 30 секунд сайын ауруханаға коронавирус жұқтырған жаңа науқас түседі. Қазір вакциналау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы күнге дейін екпе 3 жарым миллион тұрғынға салынған. Билік бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіміз деп отыр.

Көктемнің басына дейін осал топқа кіретін тұрғындардың түгелі дерлік, дәлірек айтсақ, 99 процентіне коронавирусқа қарсы вакцина егілуі тиіс. Ал қыркүйекте жасы 18-ден асқан британдықтардың түгелі екпенің кем дегенде бірінші дозасын алады.

"Біздің мақсатымыз – қыркүйекке дейін әр тұрғынға коронавирусқа қарсы екпе салынуын қамтамасыз ету. Біз мұны ертерек іске асыруымыз да мүмкін. Қазірдің өзінде жасы 80-нен асқан азаматтардың жартысынан астамына екпе егілген. Әрбір екпе арқылы біз қалыпты өмірге қайта оралуға бір қадам жақындай түсеміз. Коронавирустың жаңа штамдары екпенің тиімділігін төмендетпеуі тиіс. Бірақ бұл мәселеге қатысты зерттеулер әлі жалғасады", - дейді Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894415-covid-19-germania-zaa-mutacia-turaly-mlimdedi/

pixel