Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл аймаққа" өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймаққа өтті. Жаңартылған деректер ҰҚДС ресми сайтындағы эпидемиологиялық бағалау матрицасында көрсетілген.

Келтірілген мәліметке сүйенсек, қазір "қызыл аймақта" Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Солтүстік Қазақстан облысы бұған дейін "сары аймақта" болған.

Соңғы деректерге сәйкес, "сары аймақта" Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысында қалған.

Қалған өңірлердің бәрі "жасыл аймақта" тұр.

Матрица
Скриншот: hls.kz

Еске сала кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн-отырысында коронавирусқа қатысты 2021 жылға арналған болжаммен бөлісті. Оның сөзінше, аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

"Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы шектеу шараларын, оның ішінде маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаған жағдайда және күтілетін вакцинацияны есепке ала отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамын құрды. Аурудың шарықтау шегі наурыз айының соңында тіркелуі мүмкін", - дейді министр.

Сонымен қатар Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Министрдің айтуынша, халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894475-kazakstanny-tagy-bir-iri-kyzyl-ajmakka-tti/

pixel