RU

Тағдыры қоғамда талқыға түскен ару 50 миллион теңге талап етіп отыр

Бойжеткен
Көрнекі фото: pixabay.com

Тағдыры қоғамда қызу талқыға түскен Қызғалдақ Талғатқызы өзін әлеуметтік желіде қорлаған адамнан 50 млн теңге көлемінде моральдық шығын талап етіп отыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"50 миллион теңгені қайдан шығарды?" деген сұрақ туындауы мүмкін. Бірақ әрбір азаматтың моральдық шығын көлемін көрсетуге құқығы бар. Зорлауға қатысты істен кейін оған түрлі теріс, әдепсіз және қорлайтын сөздер айтыла бастады.

Олардың ішінде Еркімбек Есенбаев белсенділік танытты. Осындай айпытаулардан соң, Қызғалдақ Талғатқызы депрессияға түсіп, денсаулығы нашарлаған. Қан қысымы көтеріліп бірнеше рет жедел жәрдем шақырған", - дейді Қызғалдақ Талғатқызының адвокаты Альбина Бахтиярқызы.

Ар-намысын қорғау мақсатында желіде түрлі қорлау ұйымдастырған белсенді қатысушылардың бірін сотқа бердік дейді қорғаушы.

Тіпті өткен аптада Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігі, яғни "әлеуметтік желіде қорлау" бойынша соттың алдын ала тыңдауы өткен.

Былтыр Қызғалдақ Талғатқызының 14 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, сол оқиғадан кейін бабалы болғаны жалпақ жұртқа жеткенде қоғам пікірі екіге жарылған. Әсіресе жәбірленушіні қудалау әлеуметтік желілерде жалғасын тапқан болатын.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, Қызғалдақ, өзіне қиянат жасаған адамның әкелік құқығын таныту үшін отандық бағдарламаға келген еді.

Кейіпкер басынан өткен оқиғаны 31 арнаның "Кел, татуласайық!" атты жаңа әлеуметтік жобасында баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894485-tagdyry-kogamda-talkyga-tsken-kyzgaldak-50-million-talap-etip-otyr/