Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында пациенті қайтыс болған дәрігер сот залында қамауға алынды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында науқасы қайтыс болған кардиолог дәрігер сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сарыағаш аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, Сарыағаш облыстық ауруханасына "жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия" диагнозымен шұғыл түрде науқас түскен.

Кардиологиялық бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы пациентке дәрі-дәрмек тағайындаған.

Айыптау қорытындысында дәрігердің тиісті зерттеулер мен анализдер жасамағаны, басқа мамандармен кеңеспегені көрсетілген.

Ер адамның жағдайы жақсарған. Сол күні ол өз еркімен ауруханадан шығып, ағасымен бірге үйіне кеткен. Алайда жолда оның жағдайы тағы да нашарлапты.

Туысы оны дереу аудандық ауруханаға қайта апарған. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан, пациент қайтыс болған.

Сараптама нәтижесі өлім себебін инфаркт деп көрсеткен.

Сот іс материалдарын, сараптама нәтижелерін зерттеп, медицина қызметкерлері мен кінәсін мойындамаған айыпталуышыны тыңдаған.

Сот барлық мән-жайларды ескере отырып, кардиологтың кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауының салдары абайсызда өлімге әкеп соқтырды (ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі) және кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келген.

Сотталушыға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 1,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен бірге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылған.

Бұған дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта болған дәрігер сот залында қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілген.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының апелляциялық соты оның бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымын қарап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894530-trkistan-oblysynda-pacienti-kajtys-bolgan-driger-sot-zalynda-kamauga-alyndy/

pixel