RU

Өскеменде полицияның шабандоздарды қуып жүрген видеосы тарап кетті

Атқа мінген ер адамдар
Видеодан кадр: yk-news.kz

Әлеуметтік желіде полицейлердің шабандоздарды қуып жүрген видеосы пайда болды. Оқиға Өскеменде болған. Жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді деп жазады YK-news.kz.

Видеода тәртіп сақшыларының Жібек мата комбинаты ауданында қызметтік көліктерімен шабандоздарды қуып, оларды тоқтатуға тырысқаны көрінеді.

ШҚО ПД ақпартынша, 16 қаңтарда күндіз Сол жағалаудағы полиция бөліміне Жедел басқару орталығынан хабар түскен. Сәтпаев даңғылында атқа мінген төрт ер адамның жүргені айтылған.

Полицейлер шабандоздарды тауып, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізген. Жылқы мінгендерге көлік қозғалысына кедергі келтірмеу керектігі айтылып, жазаға тартылмаған.

Департамент қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болмағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында карантинге қарамастан 50-60 адаммен көкпар өткізілгенін жазған едік.

Тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғындардың көкпар ұйымдастырғанын, оған 50-60 шақты адамның қатысып жатқанын анықтаған.

"Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша тиісті іс-құжаттарды жинақтап, СЭС-ке жолдады", - делінген өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894540-skemende-policiany-sabandozdardy-kuyp-zrgen-videosy-tarap-ketti/