Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакцинацияның егжей-тегжейі белгілі болды

Опубликовано:

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев коронавирусқа қарсы вакцинацияның егжей-тегжейін айтып берді. Ол 1 ақпаннан басталады.

Келесі айдың басында қазақстандықтарға ресейлік "Спутник V" препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егу басталады. Бұл жөнінде Байтанаев Sputnik Қазақстан тілшісіне толығырақ айтып берді.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып медицина қызметкерлері алады.

Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медицина саласының қызметкерлерін қамтиды.

Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарға жүргізіледі.

Ведомство өкілі жоғарыда аталған санаттағы азаматтар үшін вакцинация тегін болатынын сөз етті.

"Халықтың қосымша осал топтарын енгізе отырып, контингентті арттыру көзделуде. Атап айтқанда бұл контингентке ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерін енгізу жоспарланып отыр", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі.

Байтанаевтың сөзінше, КВИ екпесін тұрғылықты мекені бойынша тіркелген емханадан алуға болады.

"Бұл ретте қауіп тобына жататын азаматтарды екпе алуға учаскелік дәрігерлер шақырады немесе жұмыс орыны мен оқу орынына байланысты екпе салу ұйымдастырылуы мүмкін", - дейді Ержан Байтанаев. Оның айтуынша вакцина алу үшін азаматтар жазбаша келісім беруі керек.

Вакцинация 21 күндік аралықпен екі кезеңде жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894561-kazakstandagy-koronaviruska-karsy-vakcinaciany-egzej-tegzeji-belgili-boldy/

pixel