Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос полицей қаза болған апат: Щучинскіде сот ісі басталды

Опубликовано:

Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллин
Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллин. Фото: Ақмола облысы ПД

Щучинскіде қызметтік көліктің Lexus NX20-мен соқтығысуы салдарынан екі полиция қызметкерінің өлімі туралы іс қарала бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабай аудандық соты Щучинск қаласының тұрғыны Сергей Воронцовқа қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. 26 жастағы ер адам бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыпталуда. Оның ішінде ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз алып қою, жүргізу құқығынсыз көлік құралын басқаруы, сондай-ақ мас күйінде көлік құралын басқаруы, бұл абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырды.

Айыптау актісіне сәйкес, Щучинск қаласының тұрғыны Сергей Воронцов 2020 жылдың қазан айында анасынан Lexus көлігін ұрлап кеткен. Алкогольдік мас күйінде қаланы айналып өтіп, Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне жоғары жылдамдықпен өтеді.

Дәл осы сәтте Бурабай облыстық полиция басқармасының "Нива" қызметі "жасыл" түске өтіп бара жатқан. Көлікті капитан Қанат Хамидуллин басқарған, ал оның жанында Қанат Отарбаев отырған.

Олар Бурабай аудандық полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып жұмыс істеген. Екеуі де – полиция капитандары.

Қанат Отарбаевтың артында әйелі мен 2013, 2014 және 2017 жылы туған үш баласы қалды. Оның құқық қорғау органдарындағы қызметінде 2005 жылдан бастап 22 марапаты болған.

Ал полицияда 2009 жылдан бері қызмет етіп келген Қанат Хамидуллин 23 рет марапатталған. Оның артында аяғы ауыр жұбайы мен 2013 жылы туған бір ұлы қалды.

Айта кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев марқұм полицейлердің жанұясына көңіл айтқан болатын.

Кейінірек жол апаты туралы жаңа дерек шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1894608-kos-policej-kaza-bolgan-apat-sucinskide-sot-isi-bastaldy/

pixel