Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық полицейлер бес ай бойы жасырынған қылмыскерді іздеп тапты

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Қызылордалық тәртіп сақшылар бас бостандығы шектелген азаматты тығылып жүрген жерінен бес айдан кейін іздеп тапты деп хабарлайды Қазсқпарат.

Басылым мәліметінше, қылмыскер Сырдария ауданында пробациялық есепте тұрған.

Оның 2018 жылы есірткі егу қылмысы бойынша сотталып, тиісті жазаға тартылғаны айтылды.

Кейіннен сотталушы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Соңғы уақытта тағылған айып бойынша жазадан бой тасалаған оған іздеу жарияланды.

Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Әділхан Қанзадаевтың сөзінше, қылмыскерді облыс аумағынан 5 ай бойы іздестіруге тура келген.

Полиция қызметкерлері 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен тапты, дейді ол.

Қазір қылмыскер қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жамбыл облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты ұстаған болатын.

Ұсталғандарды тінту кезінде И. есімді азаматтың күртешесінің оң қалтасынан ақ түсті ұнтақ тәрізді полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші О есімді азаматшаның рюкзактарынан 21 дана полиэтилен түйіншектер табылып, олардың ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар екендігі анықталды.

Ұсталғандардың айтуынша, полиэтилен пакеттеріндегі зат “жылдамдық” синтетикалық есірткі заты болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894626-kyzylordalyk-policejler-bes-aj-bojy-zasyryngan-kylmyskerdi-izdep-tapty/

pixel