Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да үйі өртенген отбасы бес баласымен бірге далада қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Отбасы
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Петропавлда жалдамалы үйі өртеніп кеткен отбасы бес баламен бірге далада қалды. Дүйсембиндер әулеті осы күнде жазғы шай ішетін кішігірім үйді күнелтіп отыр деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қыстың аязды күндеріне арналмаған ғимарат пана болатын емес. Отағасы күні-түні пеш жағатынына қарамастан, үйдің іші жылына қоймайды екен.

Әкімдіктің бұл іске араласқысы жоқ. Балаларының болашағы үшін Дүйсембиндер әулеті Мамлют ауданынан Петропавлға 2017 жылы қоныс аударған болатын.

Бірден жер үйді жалға алып, өз баспанасы үшін қаражат жинай бастаған екен. Алайда, араға үш жыл салып бар армандары күл-талқан болған. Себебі, жылдар бойы жинаған барлық қаражаты жалдап тұрған үймен бірге өртеніп кеткен.

"Өрт көршінің үйінен шықты. Біз тек балаларды шығарып үлгердік. Далада қалдық сол кезде. Түк қалған жоқ. Сіңлімнің де, балаларымның да документтері, бүкіл ақшамыз күйіп кетті", - дейді Гүлдана Дүйсембина.

Бүгінде ерлі-зайыптылар бес баламен бірге көршілері ұсынған жазғы үйді паналап жүр. Тар бөлмені жылыту үшін отағасы пешті күніне 4-5 рет жағады екен.

Үй
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Отбасының қиын жағдайы әлеуметтік желіде жария етілді. Артынша көпшілік аз да болса қол ұшын созып, отбасына киім-кешек, азық-түлік және отын әкеліп берген.

Бүгінде тек баспана мәселесі ғана өткір тұр.

"Қызым ауырды осында келгесін. Жөтеліп, мектепке бармай жүрді. Өзіміз де кішкене ауырып қалдық. Өйткені салқын, аяқтан сыз өтеді. Үйдің сәкісі суық, бәлең палас төсеп қойдық. Көмекті әкімдіктен ғана тосып отырмын. Тұратын жер берсе болды. Одан басқа ештеңе сұрамаймын", - дейді Дүйсембина.

Отанасы шенеуніктерден көмек сұрап, желтоқсанның 24-де қала әкімінің атына хат жолдапты. Алайда, жергілікті билік бір айдан бері үнсіз отыр. Телеарна тілшілеріне

"Қазіргі кезде қала бойынша уақытша баспана жоқ. Егер де босап жатқан жағдайда, комиссияның шешімімен бұл кісіге пәтер беру қажет деп шешілсе, онда пәтер берілетін болады. Ол кісі 2019 жылдың сәуір айынан бастап пәтер кезегінде тұр. Пәтерді ол тек кезек бойынша ала алады. Қазір оның кезегі - 112-ші", - дейді Петропавл қаласының әкімдіні Түкіш бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Баспанасыз қалған отбасы әзірге азынап тұрған үйді паналауға мәжбүр.

А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1894632-sko-da-ji-rtengen-otbasy-bes-balasymen-birge-dalada-kaldy-foto-video/

pixel