Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рахат Әлиев шапалақпен ұрды": Нұрдәулет Шертім ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

Опубликовано:

Нұрдәулет Шертім
Нұрдәулет Шертім. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әзілкеш Нұрдәулет Шертім марқұм Рахат Әлиевпен болған ыңғайсыз жағдай туралы бар шындықты айтты. Актер марқұм саясаткерден шапалақ алғанын растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрдәулет Шертім "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбаты барысында барынша ашылып, бұрын-соңды еш жерде айтпаған сырларымен бөлісті. Өнер иесі Дариға Назарбаеваның туған күн кешінде марқұм Рахат Әлиевті не себепті ашуландырып алғандарын түсіндіріп берді.

Марқұм саясаткер өзі туралы әзілдеген жігіттерді шапалақпен ұрған.

"Бұл расымен болған жағдай. Біздің отымыз жанып тұрған кез ғой. "Қызық радио" болып жатқан уақыт болған. Ол кезде Дастан бар, мен бар және Дут деген жігіт болды. Ол қазақша дұрыс сөйлей алмағандықтан авторлық пен музыкаға жауап берді. Өте әдемі формат болды. Сол кезде қателеспесем, Дариға ханымның туған күні болды ғой деймін. 2005-2006 жылдың көктемі болу керек. Бізді өнер көрсеткіш актерлер ретінде шақырды. Ол уақытта КВН әзілдері ішінен тойға жарамдыларын жиып көрсететінбіз.

Бұл жайт жоғары жаққа да жеткен екен. Бізді тойға шақырды. Үш-төрт жігіт болып барып, әзілімізді көрсеттік. Олардың көңілінен қатты шықты. Неге десеңіз, ол кезде қазақтың әзілқой әрі интеллектуалды жігіттері бірінші рет шығып жатқан еді. Сол кезде мынадай әзіл болып қалды. Біз айттық "Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге бір-екі сұрағымыз бар еді. "Жауап бере аласыз ба?" дедік". Ол кісі жауап беруге дайын екенін айтты. Біз оны музыкамен бәрін дайындап қойғанымызды білген жоқ.

Телевизорда сөйлеген дауыстарын кесіп-кесіп, керекті жерге қоямыз. Сосын былай деп айттық: Нұрсұлтан Әбішұлы, Рахат ағамыз осы егеменді елімізді алғанымыз үшін үлкен әрі ауқымды мерейтой жасағысы келіп тұр. Соған қалай қарайсыз? деп сұрақ қойдық. Ары қарай, кесілген дауыс шығады. "Мен қарсы емеспін. Кез келген жұмыс істеймін деген адамға әрқашанда көңіліміз ашық" деп айтады. Бірақ, біз сол мерейтойды жасау үшін 100 млн доллардай керек екенін жеткіземіз.

Сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлының басқа жиналысында айтқан бір сөзін қосып қоямыз. Ол жерде Елбасы "Шамиль Бекболұлына тапсырыңдар. Ол жүз мыңға істеп береді" деген болатын. Бәрі күлді. Біз алғаш рет осындай саясат тақырыбында еркін әзілдесіп жатырмыз. Жұрт күлгеннен кейін біз де эйфория күйіне түстік. Лауазымды адамдардың көңілінен шықты. Көңіл күйіміз керемет болды" , - деді Нұрдәулет Шертім.

Алайда, КВН жұлдыздарының тойдағы қызықтары мұнымен аяқталмаған. Оларды дәл сол тойда тағы бір мәрте өнер көрсетуге тағы шақырған.

"Қайтып бара жатқанда бізді қайта шақыртып, тағы әзілдер сұрады. Қайта келгенімізде бізді марқұм Рахат аға күтіп алды. Ол біз дайындық үстінде болғанда келді. Өзіне сондай сенімді ер адам еді. Ол кісі келіп, үшеуміздің де бетімізден шапалақпен бір ұрды. Бірінші мені ұрды, сосын кезек-кезекпен кетті. Артынан Рахат мырза былай деді: Жігіттер сендердің әзілдерің мол. Бірақ, біз барлығыңды бақылап қарап жүрген адамдармыз. Ауыздарыңа ие болыңдар деді" , - деп ағынан жарылды әзілкеш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894657-rahat-liev-sapalakpen-rdy-nrdulet-sertim-eskimge-ajtpagan-syrymen-blisti/

pixel