RU

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы чемпионды жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Хабар 24

Қазақстандық боксшы кезекті рет Top Rank промоутерлік компаниясының президентінен жапониялық Риота Муратамен кездесу өткізуді сұрады деп хабарлайды Хабар 24.

Кейінгісі бүгінге дейін 18 жекпе-жекке шығып, оның 16-сында жеңіске жеткен. Соның арқасында өткен жылы WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдікті иемденді.

"Әлемге жаңа чемпион керек. Бокс кешін өткізейік және бесінші раундтан кейін белдік менде болады", - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, жерлесіміз ең соңғы рет 10 қазанда шаршы алаңға шықты. Аргентиналық Гонсало Кориямен жолығып, екінші раунда қарсыласын нокаутқа жіберді. Соның арқасында жерлесіміз WBO рейтингінің үздік үштігіне ілікті.

Айта кетейік, осыған дейін Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменовтің ата-анасы тұратын үйі өртенгенін хабарлаған едік.

Бұл хабарды бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді. Оның сөзінше, тілсіз жау салдарынан үй, қажетті заттар мен құжаттар толық өртенген. Қызыл жалын орын алған кезде боксшының ата-анасы ұйықтап жатқан екен. Қуанышқа орай, олар далаға қашып үлгерген. Осы орайда Біржан Жақыпов оқырмандарын Ілияс Сүлейменовке көмек қолын созуға шақырды.

Ілияс Сүлейменов 1991 жылы 29 наурызда Астана қаласында Егіндікөл селосында дүниеге келген. Ол Қазақстан Республикасының спорт шебері, көптеген ұлтаралық жарыстардың жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894674-znibek-limhanly-orta-salmaktagy-cempiondy-zekpe-zekke-sakyrdy/