Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та қауіпті вирус жұқтырғандар саны 24 миллионнан асып кетті

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 24 млн-нан асып кетті. 400 мыңға жуық науқас індет құрбаны болды деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылардың болжамынша, ақпан айында өлім-жітім көрсеткіші жарты миллионға жетуі мүмкін. Әдеттегіден тез тарайтын вирустың жаңа британиялық штамы мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Қазірдің өзінде бұл штамм АҚШ-тың он штатында анықталды, ғалымдардың мәліметінше, наурыз айына дейін ол бүкіл ел аумағына тарайды.

Айта кетейік, Тараз қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймаққа» енді. Бұл мәселе COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың кезекті отырысында талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, өңірде жұқпалы аурулар ауруханасындағы 1000 кереуеттің жүктемесі 454 орынды құрап отыр.

Карантин стационарында – 23 адам, үй карантинінде – 1341 адам жатыр, 240 мың жамбылдық ПТР-тестілеуден өткен. Соңғы аптаның қорытындысы бойынша вирус жұқтырғандардың ең көбі Тараз қаласында (85 жағдай, өсім 3,5%), Жамбыл ауданында (9 жағдай, өсім 3,4%) және Т.Рысқұлов (7 жағдай, өсім 3,9%) ауданында тіркелген.

Сондай-ақ, КВИ себептері бойынша жедел жәрдемді шақыртулар саны отыз пайызға артқан. Басқа аудандарда қолайсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты 2000 төсектік резерв дайындалуда, қосымша 3150 медицина қызметкері керек болады. COVID-19 алдын алу және емдеу үшін облыс стационарларына 1,2 миллиард теңгеге дәрі-дәрмектер мен жабдықтар жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1894686-aks-ta-kauipti-virus-zktyrgandar-sany-24-millionnan-asyp-ketti/

pixel