Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар осы қыста қай елдерде демала алады

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Пандемияға қарамастан, шетелде демалу ел тұрғындары үшін өзекті болып қала бермек. Туроператорлар қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, шетелде демалуды ұсынады. Қыста қайда және қандай қаржыға демалуға болатыны туралы Нурфин материалынан оқыңыз.

2020 жыл Қазақстан мен әлемдегі туристік бизнес үшін қиын жыл болғаны белгілі.

Бүкіл әлемдегі әуе рейстерінің саны 60 пайызға азайды, ал туристік бизнестің қаржылық шығындары шамамен 500 миллиард АҚШ долларын құрады.

Туристік сақтандыру бойынша көрсеткіштер де қысқарды.

Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша бір жыл ішінде туристерді міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 53 пайызға, ал ерікті жеке туристік сақтандыру бойынша - 56 пайызға төмендеді.

Вакцинаның дамуы туралы жаңалықтардың фонында кейбір шетелде орналасқан курорттар 2020 жылдың аяғында қайта ашылды. Өмірді сақтандыру жөніндегі Freedom Finance Life компаниясы осы маусымда демалыста қайда және қандай бағамен ұшуға болатындығын анықтады.

300 доллардан басталатын елдер

Осы қыста қол жетімді бағыттар БАӘ, Түркия, Египет және Гоа болып тұр (Үндістан). Осы бағыттардың біріне бір адамға шаққандағы орташа шығын 370 мың теңгені құрайды.

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

900 доллардан басталатын елдер

Бұл санатқа Мальдив аралдары, Таиланд, Доминикан республикасы және Шри-Ланка аралы кірді. Орташа алғанда, бұл елдерге ұшу және өмір сүру бір адамға 0,8-1 млн теңге тұрады.

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

1,9 мың доллардан басталатын елдер

Осы маусымда қазақстандықтар үшін ең қымбат демалыс - Бали аралы (Индонезия), Бразилия мен Багам аралдары. Орта есеппен бір туристке саяхат 1 миллион теңгеден шығады.

Демалу кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Карантиндік шаралар әлі де өзекті болғандықтан, туристер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894710-kazakstandyktar-osy-kysta-kaj-elderde-demala-alady/