Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Сағындық Телібаев
Сағындық Телібаев. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сағындық Телібаев Алматы метрополитенінің басшысы болып тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев метрополитеннің алдына жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, жолаушылар ағынының артуы секілді бірқатар нақты міндеттер қойған.

Сонымен қатар әкім орынбасары Телібаевтың тәжірибелі менеджер екенін, көлік саласында мол тәжірибесі бар екенін айтып, жалпы метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сағындық Телібаев метрополитендегі еңбек жолын "Алматыметроқұрылыс" АҚ күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен-техникалық инспекторы болып бастаған.

Кейін "Салынып жатқан Алматы қаласы метрополитенінің дирекциясы" МҚК күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен және күрделі жұмыстар жөніндегі жетекші инженері болған.

Сондай-ақ "Метрополитен" КМК техникалық бөлімінің техникалық құжаттама жөніндегі жетекші инженері қызметін атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі мансабын Алматы қаласындағы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы ретінде бастаған.

Соңғы бірнеше жылда қалалық мобильділік басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев "Сарыарқа" және "Достық" метро станцияларын 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ашу жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894729-almaty-metrosyna-zaa-bassy-tagajyndaldy/

pixel