Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында күш қолданып, тұрғынның телефонын тартып алғандар ұсталды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: piqsels.com

Жамбыл облысында күш қолданып, тұрғынның телефонын тартып алған азаматтар қамауға алынды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Атырау облысының 55 жастағы тұрғыны арызданған.

Оның айтуынша, Құлан ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз үш азамат күш қолданып, "Samsung j-2" маркалы ұялы телефонын, басқа да құнды заттарын тартып алып, артынан ұялы телефонындағы "kaspi.kz" қосымшасынан 15 мың теңге ақшасын аударып алған.

Жәбірленушіге жалпы сомасы 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 25-27 жас аралығындағы күдіктілерді ізін суытпай ұстаған. Олардың Алматы қаласы және Қордай ауданынан екені анықталған.

Тергеу барысында күдіктілердің тонау дерегі бойынша бұрын сотты болғандығы белгілі болған.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда 5 жасар баладан қымбат телефонды мың теңгеге сатып алған ер адамның ұсталғаны туралы жазған едік.

Бүлдіршіннің атасы полицияға арызданған. Арызданушының сөзінше, оның үйіне бейтаныс ер адам келіп, 5 жасар немересіне мың теңге беріп, баладан қымбат телефонын алып кеткен. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құраған.

Түркістандық полицейлер бұл фактіні "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеген. Бірнеше сағаттың ішінде күдкті қолға түскен. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894797-zambyl-oblysynda-ks-koldanyp-trgynny-telefonyn-tartyp-algandar-staldy/

pixel