Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Алматы тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан сала алатынын айтты

Опубликовано:

Бетперде таққан адамдар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасында тікелей эфирде қала тұрғындарының коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан ала алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім бірінші кезекте 1 ақпанда басталатын вакцинация денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қамтитынын, содан кейін полицейлер мен мұғалімдерге вакцина салынатынын айтуда.

"Әзірге еркін айналым туралы шешім қабылданған жоқ. Ресейден вакцинаны өз бетінше әкеліп, халық арасында вакцинациялауды бастағысы келетін компаниялар бар. Алайда, мемлекетаралық келісім шыққанға дейін дәрі еркін вакцинацияға жіберілмейді", - деді әкім.

Ол сондай-ақ жаздың ортасына қарай Қазақстан өндіретін вакцина айналымға шығатынын әрі тек күзде ғана онымен және Ресейде жасалған вакцинамен халықтың көп бөлігін қамтуға болатынын айтты.

Сонымен қатар, әкім өз сөзінде 1 қаңтардан бастап коронавирустан жағдайы ауырлаған науқастардың саны артқанын, ауырлығы орташа пациенттердің динамикасы да өсіп жатқанын атап өтті.

"Біз медициналық дәрігерлердің талаптарын орындауымыз керек, шектеу шараларын сақтауымыз керек, бетперде тауғымыз керек. Бизнес тарапынан көптеген заңбұзушылықтар бар, түнгі клубтар ашық, мейрамханалар, кафелер де жұмысын тоқтатпаған, біз оларға айыппұл салудамыз, оларды сот арқылы жауып тастаудамыз. Жұмыс жалғасуда, барлық ауруханалар жұмыс істейді", - деп түсіндірді мегаполис басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894810-sagyntaev-almaty-trgyndary-koronaviruska-karsy-vakcinany-kasan-sala-alatynyn-ajtty/

pixel