Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцинадан соң Қазақстан азаматы қайтыс болғаны рас па

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина қабылдап, екпеден соң қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған деректі жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, әңгіме Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны жайлы болып отыр.

"1978 жылы туған азамат осы жылдың 19 қаңтарында қан қысымының көтерілуі салдарынан қайтыс болған. Ол ешқандай екпе алмаған", - дейді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Маңғыстау облысына жеткізілген жоқ. Өңірге алғашқы вакцинаны жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланып отыр.

"Айта кеткен жөн, бірінші кезекте вакцина инфекциялық аурухананың, жедел жәрдем қызметінің, жансақтау бөлімінің, қабылдау бөлімі мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медицина қызметкерлеріне егіледі", - деп атап өтті Ержан Байтанаев.

Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Ержан Байтанаев коронавирусқа қарсы вакцинацияның егжей-тегжейін айтып берген еді. Қазақстандықтарға екпе салу 1 ақпаннан басталады.

Алғашқылардың бірі болып вакцинаны медицина қызметкерлері алса, екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медицина саласының қызметкерлерін қамтиды.

Үшінші кезеңде вакцина мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарына, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарға егіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894890-koronaviruska-karsy-vakcinadan-so-kazakstan-azamaty-kajtys-bolgany-ras-pa/

pixel