RU

Атырауда енді масканы 15 теңгеден сатып алуға болатыны рас па

Тәжвирус маска
Көрнекі фото: azh.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті медициналық маскалардың бағасын 15 теңгеге дейін төмендету шараларын қабылдады.

20 қаңтарда "Семейное" дәріханалар желісімен бірге нарықта тиісті мінез-құлық стандарттарын сақтау туралы тиісті монополияға қарсы комплаенс (келісім) жасалды. Комплаенс ашық сауда саясатын көздейді және монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермейтін құрал.

Пандемияның алғашқы толқыны кезінде Атырауда бір медициналық масканың құны 150 теңгеге дейін жетті. Монополияға қарсы органдар шара қолданғаннан кейін бағалар 20-25 теңгеге дейін төмендеді.

Бағаның төмендеуіне Атырау облысында маска шығаратын өндірістің болуы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсете отырып, масканы көтерме бағамен сату туралы дәріханалардың шешімі ықпал етті.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Семей қалалық мәслихатының жаңа шақырылымындағы депутаттарының ұжымдық фотосуреттері талқыланып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Суреттер екі нұсқада түсірілген: біреуінде халық қалаулылары бетперде киген, екіншісінде маскасыз отыр, сонымен қатар олар қашықтықты да сақтамаған.

Бұны аңғарған ел тұрғындары шенеуніктердің карантин шараларына мойынсынбағанына назары екендерін білдірді. Алайда мәслихат депуттары олардың сынымен келіспей отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894920-atyrauda-endi-maskany-15-tegeden-satyp-aluga-bolatyny-ras-pa/