Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам қайырымдылық қорабындағы ақшаны қолды қылды (видео)

Опубликовано:

Мешіттегі ұрлық сәті
Фото: Polisia.kz

Оңтүстік астанада ер адам қайырымдылыққа арналған қорапты ашып, сол жерден ақшаны ұрлап кетті деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Алмалы ауданының полициясы анықтағандай, қаскүнем қаланың әр түрлі мешіттерінде жүрген. Ол 1990 жылы туған азамат болып шықты. Оның заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Белгілі болғандай, күдікті 290 мың теңгені қолды еткен.

"Күдікті – 1990 жылы туған Ж.есімді азамат “ізін суытпай” ұсталды. Арызды алғаннан кейін біз арнайы тергеу-жедел тобын құрып, оңай ақшаның әуесқойын анықтадық. Оның соңғы заңсыз әрекеті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған. Ж.азамат мешітке кіріп, қолдан жасалған құралдармен қорапты ашып, онда ерікті қайырымдылық ретінде дінге сенушілерден алынған 290 мың теңгені ұрлап, қылмыс болған жерден қашып кеткен.
Ұсталған адамның айтуынша, ол қылмысты қиын қаржылық жағдайға байланысты жасаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері киік аулағандарды ұстады. Белгілі болғандай, браконьерлер үш киікті сойып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894964-almatyda-er-adam-kajyrymdylyk-korabyndagy-aksany-koldy-kyldy-video/

pixel