Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баннердегі сурет үшін ақша талап еткен келіншекке Алматы әкімдігі жауап берді

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Алматы қаласының мәдениет басқармасының баспасөз қызметі қазақстандық Самал Омарованың арызына жауап берді. Әйел билбордтарда қолданылған фотода өзі бейнеленгенін жеткізіп, сол үшін ақы талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомсво Алматы қаласының мәдениет басқармасы қаланың сыртқы жарнамасында пайдаланылған медициналық маскадағы қыздың фотосуреті Дүниежүзілік еркін фотосуреттер банкінен Freepik.com сайтынан алынғанын жеткізді.

"Бұл әлеуметтік жарнамалық науқанға бюджет бөлінбеді және Дүниежүзілік банктен лицензияланған фотосуреттерді пайдалану ешкімнің құқығын бұзбайды. Авторлық құқыққа қатысты барлық заңды сұрақтар - Дүниежүзілік фотосуреттер банкіне жіберілуі керек", - деп түсіндірді мәдениет басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, басқарма нақты адамның суретін пайдалану үшін оның ресми рұқсаты қажет екенін, ал фотобанкте жарнаманың кез келген түрінде шектеусіз мөлшерде пайдалануға болатын лицензияланған суреттер бар екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматыдағы маска тағу туралы билбордтарда өзінің бейнеленгенін мәлімдеп, сол үшін миллион теңге көлемінде қаламақы талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894968-bannerdegi-sureti-sin-aksa-talap-etken-kelinsekke-almaty-kimdigi-zauap-berdi/

pixel