RU

"13 жасынан көрмеген": Ақтауда түрмедегі азамат бірнеше жылдан соң анасын тапты

Сотталушы
Фото: Маңғыстау облысы ҚАЖД

ГМ-172/6 колониясы әкімшілігінің қызметкерлері сотталушыға 13 жасынан бері көрмеген анасын табуға көмектесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Тимур әкімшілік қызметкерлерінің көмегімен анасын тапты. Бұған дейін ол іздеуге көмектесуді сұраған еді деп жазады Lada.kz басылымы.

Сотталушы балалар үйінде тәрбиеленген. Бала кезінде ішімдікке сылқия тойған өгей әкесі анасын ұрған, ал ол күйеуін пышақтаған. Тимур анасын тергеу изоляторына алып кеткеннен бері көрмеген. Өз сөзінше, үлкен өмірге қадам басқан соң жұмыс таппай, ұрлықпен айналысқан, осылайша түрмеден бір-ақ шыққан.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінің қызметкерлері оған анасын табуға көмектесті. Ол әлі күнге дейін Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінде екені белгілі болды. Анасы мен ұлы видео арқылы тілдесті, осылайша олардың жылдар бойы күткен алғашқы кездесуі өтті.

"Жақын туыстарымен жоғалған байланыстарды іздеу - әлеуметтендірудің маңызды міндеттерінің бірі. Мекеме қызметкерлері бірнеше рет балалар үйінің тәрбиеленушілерімен осындай жағдайларға тап болды. Тәжірибе көрсеткендей, жаңадан орнатылған байланыс сотталғандарға оң әсер етеді, - деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов.

Айта кетейік, Алматы облысында қылмыстық топ құрамына кірген әйел ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895003-13-zasynan-krmegen-aktauda-trmedegi-azamat-birnese-zyldan-so-anasyn-tapty/