Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала жансақтау бөлімінде": Петропавлдық келіншек қызын өлімші етіп сабаған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Петропавл қаласында 22 жастағы келіншек 3 жасар қызын аса қатыгездікпен ұрғаны үшін айыпталып отыр. Жансақтау бөліміне түскен баланың жағдайы ауыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда облыстық балалар ауруханасынан полиция бөлімшесіне 3 жасар қыздың дене жарақатымен және ессіз күйде жеткізілгені туралы ақпарат түскен.  

"Денсаулыққа ауыр жарақат келтірді деген күдікпен баланың анасы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігі "Кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осыған орай, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса қылмыс аса қатыгездікпен жасалып отыр. 

Құқық қорғаушылардың айтуынша, баланың анасы бұған дейін жауапқа тартылмаған. Тәртіп бұзбаған. Қазір ол Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысының тұрғыны Мадина Қалиева "күйеуім аяғым ауыр кезде, толғатып жатқанда, қолымда бала болғанда да мені ұрды. Енді сол балаларды менен тартып алмақшы" деп шырылдап, көпшіліктен көмек сұраған еді.

Кейінірек аяғы ауыр әйелін сабады деп айыпталған қарағандылық атышулы жағдайға қатысты өз ойын білдірді. Ол жарының сөздерін түбегейлі жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895006-bala-zansaktau-bliminde-petropavldyk-kelinsek-kyzyn-limsi-etip-sabagan/

pixel