Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қыздары мен күйеу баласынан таяқ жеген әжейдің оқиғасы жалғасын тапты

Опубликовано:

жәбірленуші
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Шымкентте туған анасын соққыға жыққан қыздар өз кінәсін түсініп, қарт әйелден кешірім сұрады. Енді олар анасына алимент төлейтін болды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы жәбірленушінің ісімен айналысқан адвокат Еркін Қахаров Facebook-те мәлімдеді.

Заңгер әйелдің балаларынан алимент өндіру үшін сотқа жүгінгенін айтты. Талап-арызды Абай аудандық сотының судьясы қабылдаған. Судья екі тарапты медиация бөлмесіне шақырып, татуластырған.

"Балалар анасын құшақтап, сүйіп, өз қателігін түсініп, өкініп, кешірім сұрады", - деп жазды адвокат.

Сондай-ақ, айтуынша, енді балалары анасына алимент төлейді.

Заңгер анасы мен балаларын татуластырған судьяның жұмысына өте жоғары баға берді. Ол судьяның медиативтік тәжірибесін бүкіл елге тарату қажет деп санайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкентте қарт әжейді қыздары мен күйеу балалары ұрып тастағаны туралы жариялаған едік.

Туыстарының айтуынша, жәбірленуші әйел өмір бойы жұмыс істеген, ешқашан той-томалақ пен демалыс орындарына бармаған, балаларын асырау үшін тер төккен, оларды ұрмаған, тіпті оларға ұрыспаған.

Алайда, қыздары есейіп, туған анасына қол көтере бастапты. Бұған отбасы бөлісе алмаған өгей әкелерінің үйі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895008-symkentte-kyzdary-men-kjeu-balasynan-taak-zegen-zejdi-okigasy-zalgasyn-tapty/

pixel