Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония Токио Олимпиадасын 2021 жылы өткізбеуі мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: Pexels.com

Жапония үкіметі өткен жылдан бері кейінге қалдырылған Токио Олимпиадасын коронавирус пандемиясына байланысты осы жазда өткізбеу туралы шешімге келген деп хабарлайды Daily Mail.

Басылым The Times газетіне сілтеме жасай отырып, Министрлер Кабинеті пандемияға байланысты ойындар өткізілмейді деп санап отырғанын жеткізді. Олар Олимпиаданы 2032 жылы үйымдастырамыз деп үміттенеді.

"Ешкім бұл туралы бірінші айтқысы келмейді, алайды бәрі бұның өте қиын екендігімен келіседі. Жеке өзім бұл болады деп ойламаймын", - деді Үкіметтің ақпарат. көзі Times газетіне.

Жапония премьер-министрі Йошихиде Суга үкімет инфекцияларға қарсы барлық шараларды қабылдайтынын және "бүкіл әлемге үміт пен батылдық әкелетін" ойындарға дайындықты жалғастыратынын айтты.

Токиода және Жапонияның басқа да ірі қалаларында төтенше жағдай тудырған коронавирус жағдайларының қысқы толқынына байланысты, дереккөздер күн шығыс еліне биыл Олимпиаданы өткізу мүмкіндігі тым төмен деп санайды.

Басылым қоғамдық пікір сауалнамалары Жапония халқының 80 пайызы жазда өтетін Олимпиада ойындарына қарсы екенін көрсеткенін жеткізді. Олар бұл айтулы шара инфекцияны одан әрі таратуға қабілетті деп есептеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1895058-zaponia-tokio-olimpiadasyn-2021-zyly-tkizbeui-mmkin/

pixel